«Дикий Арманға» жаңа айып тағылды

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қылмыс әлемінің беделді мүшесі Арман Жұмагелдиевке «Дикий Арманға» жаңа айып тағылды, деп хабарлады журналист Михаил Козачков.
«Арман Жұмагелдиевке (Дикийге) жаңа айып тағылды – енді ол ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовтың басшылығымен 2016 жылдан бері әрекет еткен қылмыстық топты ұйымдастырған деген күдікке ілінді», - деп хабарлады Козачков Telegram-каналында.
Еске салсақ, Арман Жұмагелдиевке Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлады деген айып тағылды.
2 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды.
Сонымен қатар ҚазТАГ ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың іс материалымен танысуына ешқандай процессуалдық шектеу жоқ екенін хабарлаған болатын.

adimage