Денсаулық сақтауминінің ресми өкілі тегін ПТР-тестінен қалай өтуге болатынын түсіндірді

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ПТР-тестін қалай тегін өтуге болатынын түсіндірді.
«Егер сізде коронавирус жұқтырған болуыңыз мүмкін деген күдік туындаса Сізге ауруханаға хабарласуыңызға болады. Сосын сізге жедел-жәрдем көмегі немесе мобильді көмек көрсететін арнайы бригада келіп, тегін тест алады», - деді Қожахметов жұмадағы брифингте.
Қожахметовтың айтуынша, пандемия басталғалы шамамен 2 млн 700 мың ПТР-тесті алынған, олардың әр алтыншысы оң нәтиже берген.

adimage