Демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады – кей жерлерде жауын-шашын: батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте - қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», - делінген жұма күні таратылған 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамында.
Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
«Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage