Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (күндіз көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ: кей уақыттарда 26 қазанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтанда 26 қазанда кейде жауын-шашын күтіледі (күндіз көбіне жаңбыр жауады), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан екпіні 16-21 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%», - делінген жексенбі күні таратылған дауылды ескертуде.
26 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: түнде және таңертең 26 қазанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26 қазанда Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%», - делінген хабарда.
Күндіз 26, тәулік бойы 27 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 27 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: күндіз 27 қазанда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 26 қазанда тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%», - деді «Қазгидрометте».
26 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ: 26 қазанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 26 қазан түнде және таңертен тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34