Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Шымкентте қар жауады, Алматыда – жаңбыр

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Шымкентте қар жауады, Алматыда – жаңбыр, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күндіз жауын-шашынсыз, түнде қар жауады, 9-14 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз және түнде -8-10.
Алматыда күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 2-7 м/с жел тұрады. Күндіз +5+7, түнде +1+3.
Шымкентте қар күтіледі, 8-13 жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз +5+7, түнде +3+5.

adimage