Дүйсенбі күні KASE индексі 0,39%-ға 2224,73-ке түсті

Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,39% -ға 2233,4-тен 2224,73-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,5 есе түсіп, Т18,3 млн. немесе $47,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,4%)акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-1%), «KEGOC» АҚ (-0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (-1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ және «Кселл» АҚ акциялары өзгерген жоқ.

adimage