Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Астана қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген жексенбідегі дауылды ескертуде.
26 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 26 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 26 қыркүйекте күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
«26 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың батыс жартысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Ақмола облысында дүйсенбі күні оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
«26 қыркүйекте Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп хабарлады гидрометеорологтар.
26 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. «26 қыркүйекте күндіз Павлодар облысыңың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 26 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
26 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
«26 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
26 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 26 қыркүйекте найзағай күтіледі», - делінген дауылды ескертуде
26 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 26 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
«26 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 26 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
26 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: түнде 26 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Күндіз 26 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз 26 қыркүйекте найзағай күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
26 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 26 қыркүйекте қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
«Күндіз 26, түнде 27 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 26, тәулік бойы 27-28 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 26-28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 26 қыркүйекте екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26-28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage