COVID-19 белгісі бар пневмониядан тағы бір адам қайтыс болды

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – COVID-19 белгісі бар пневмониядан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өткен тәулікте ауру жұқтырудың 26 жағдайы тіркелді, бір адам көз жұмды. Бір тәулікте 71 адам жазылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 1 тамыздан бері тіркелді: ауырғандар - 36 921, қайтыс болғандар - 394, жазылғандар – 28 531 адам.

adimage