Бейсенбідегі KASE индексі 0,1% -ға 2226,5-ке дейін өсті

Алматы 18 қазан ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,07% -ға өсті - 2224,94-тен 2226,51-ге дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 42,2% түсіп, 72,5 млн. теңгені немесе 199,3 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында   Kaz Minerals PLC (+0,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%),  «KEGOC» АҚ (+0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,3%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы түсіп кетті.

adimage