Өскемен. 8 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«09 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, Өскемен мен Семейде де дауылды ескерту жарияланды.
«Өскемен қ.: 09 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 09 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17