Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді, Шымкентте жауын-шашынсыз

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді, Шымкентте жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Күндіз +17+19, түнде +11+13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 0-5 м/с жел тұрады, найзағай ойнағанда екпіні 10 м/с жетеді. Күндіз +27+29, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз +31+33, түнде +15+17.

adimage