Бейсенбі күні KASE индексі 0,86%-ға 2311,3-ке өсті

Күні: 19:01, 16-05-2019.

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,86% -ға 2291,5 -тен 2311,3-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, Т159,7 млн. немесе $421,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+3,1%), «Қазақстан халық банкі» АҚ (+1,8%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,3%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%), «Кселл» АҚ (-0,2%) және «KEGOC» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: