Бейсенбі күні KASE индексі 0,5%-ға 2282,71 –ге өсті

Күні: 18:57, 11-07-2019.

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,5%-ға 2271,34 -тен 2282,71-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,27% -ға түсіп, Т4247,9 млн. немесе $11 051,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,1%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+3,7%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» (-0,8%), «Кселл» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы түсті.
«Қазақтелеком» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: