Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысы мен солүстігінде ғана жаңбыр жауады деп күтілуде

Күні: 09:36, 10-10-2019.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысы мен солүстігінде ғана жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батысында және батысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-батысында кей жерлерде түнде жауын-шашынды (жаңбыр, жылымық қар), солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +8+10.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +10+12.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +9+11.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, жаңбыр жауады, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с желтұрады, екпіні 25 м/с, шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +6+11.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, күндіз де кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +13+18, түнде +2+7.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +5+10.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +7+12, түнде +3+8.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, найзағай.   Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, 18 м/с жел тұрады, батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +9+14.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік шығысында төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +20+25, түнде 0+5.
Павлодар облысында күндіз +19+24, түнде +2+7.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: