Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Күні: 09:32, 16-05-2019.

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, солтүстігі мен солтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, батысында дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде -1-3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +11+13.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +15+17.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлердешаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +12+17.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр ажуып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +8+13.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +10+15.
Түркістан облысында тауларда және тау маңына өткіні жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде 0+5 (солтүстік-шығысында-3).
Қарағанды облысында 15-20 м/с жел тұрады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +10+15 (солтүстігінде +7), түнде -1-6 (оңтүстігінде +13).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -3-8.
Ақмола облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде -1-6.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде -1-6.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде -1-6.
Атырау облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +15+20.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің азаюы жалғасады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: