Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Бұрынғыша ҚР солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстік-батысында күн күркірейді, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9 жылы, түнде -4-6 шамасында.
Алматыда бұлтты, түнде және ертеңгісін жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде -1-3 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +1+3.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5 (+10+15), түнде -5-10 (+2).
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады. Күндіз +10+15 (+18), түнде -2+3 (+6).
Атырау облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20 (+12), түнде +7+12 (+4).
Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (+7), түнде 0+5 (+3).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20 (+12), түнде +1+6 (+3).
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13 (оңтүстігінде +17), түнде +3+8 (оңтүстігінде +11).
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, тұман. Күндіз +11+16 (оңтүстігінде +19), түнде 0-5 (оңтүстігінде +3).
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +3+8 (оңтүстігніде +12), түнде -3-8 (оңтүстігінде +2).
Алматы облысында жаңбыр жауады, көктайғақ, тұман түседі. Күндіз +6+11 (+1), түнде -3+2 (+7).
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30 (+17+22), түнде +10+15 (солтүстігінде +7).
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігнідегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының маңындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады», - деп ескертті синоптиктер