Бейсенбі күні Алматыда қар жауады, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте - жауын-шашынсыз

Күні: 09:31, 26-03-2020.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Алматыда қар жауады, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте - жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күн ашық, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 3-7 м/с жел тұрады. Күндіз 0+2, түнде -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, солтүстік-батыстан 2-6 м/с жел тұрады. Күндіз +4+6, түнде 0-2.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, шығыстан 8-13 м/с жел тұрады Күндіз +13+15, түнде +1+3.


Жаңалықтармен бөлісу: