Павлодар.3 қазан.ҚазТАГ- Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған. Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды
