Байқоңырдағы банктің клиенттік шотынан 2,8 миллион рубль ұрланған іс бойынша тергеу аяқталды

Алматы. 23 тамыз. ҚазТАГ - Байқоңырда банктің клиентінің шотынан 2,8 миллион рубль ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады кешен прокуратураның баспасөз қызметі.
«Кешен прокурорының орынбасары Алексей Афанасьев 27-жастағы жергілікті тұрғын әйелге қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 159-бабы 4 бөлігінде (адамдар тобының алдын-ала сөз байласу арқылы жасаған алаяқтық)көрсетілген, 183 бабы 3-бөлігі (банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз ашу және пайдалану) және 187-бабы 1 бөлімі (ақшалай қаражатты беруді заңсыз жүзеге асыруға арналған құжат дайындау) қарастырылған қылмыстық іс бойынша айыптау тағылды - делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтері бойынша, қаңтарда айыпталушы Байқоңырда орналасқан банктердің бірінің қызметкері «жалған сенімхат ұсынып, банктің клиенті болған азаматтың шотынан ақшаны ұрлауға оның серіктесі мен досын шақырды».
«Ер адамдар бұл ұсынысқа келісіп, ақшаны ұрлау үшін бірлескен қылмыстық жоспар құрды. Жалған сенімхат жасау үшін банктің бұрынғы қызметкері өзінің серіктестеріне банк клиентінің жеке деректерін тапсырды. Кейіннен олар жалған сенімхат жасады, соның негізінде банктің клиенті болған кісі бейтаныс адамға оған өз шотынан 2,8 миллион рубль көлемінде ақша алуға сенімхат тапсырды деп болжанған», - деп хабарлады департаменттен.
Қадағалау органында айтылғандай, бірнеше күннен кейін айыпталушы «жұмыс орнында отырып, әдейі жалған сенімхат негізінде, шоттан 2,8 миллион рубль көлемінде қолма-қол ақшаны беру туралы кассалық шығыс ордерін дайындаған, кейін бұл төлем туралы ордер сотта банк кассиріне көрсетілді».
«Кассирді шатастырып, кассалық шығыс ордерін дайындаудағы нақты фактілері туралы үндемей, алаяқтар аталған ақшаны ұрлап, кейіннен оны жеке мақсаттар үшін жаратқан. Қылмыс жасалғаннан кейін алаяқтар бірден қашып кетіп, іздеу  жарияланды. Кейіннен олардың орналасқан жері анықталды, қазіргі уақытта банктік алаяқтыққа қатысты барлық адамдар қамауда», - деді ол.
Прокуратура қылмыстық істі тергеу барысында «қылмыстың барлық мән-жайлары анықталған, алаяқтардың кінәсін растайтын көптеген бұлтартпас дәлелдер жиналғанын» атап өтті.
«Істе жиналған дәлелдерді зерделеп болғаннан кейін айыпталушы қылмыстық істі дәлелдемелерді зерттемей-ақ ерекше түрде қарау туралы өтініш берді. Айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін тапсырғаннан кейін прокурор қылмыстық істі 26-шы гарнизон әскери сотына істің мәні бойынша қарау үшін жібереді», - деп толықтырды қадағалау органы.
Кешеннің прокуратурасы айыпталушының Қазақстан азаматтары болып табылатын екі сыбайласына қатысты қылмыстық іс жеке сот ісін жүргізуде тоқтатылып, үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жіберілгенін атап өтті.
«Айыпталушы жасаған аса ауыр қылмыстар үшін ең жоғары жаза (аса ірі көлемдегі топтық алаяқтық) Ресей Федерациясының қылмыстық заңнамасында 1 миллион рубльге дейін айыппұлмен 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған», - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, 3 тамызда Байқоңырдағы бір банк қызметкері клиенттің шотынан 2,8 миллион рубльді жымқырды деп айыпталғаны туралы хабарланған болатын. Бұл кезде кешен прокуратурасы қылмыстық іс қозғағанын заңды деп танылды.
  
1 рубль = T5,88.

adimage