Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Әділет Барменқұловтың Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті қызметінен кетуінен бөлек, онымен бірге "Қазақмыс" корпорациясынан келген басқа да бірқатар адамдардың кететіні белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
"ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтан басқа, "Қазақмыстан" келгендер де орындарын босатып жатыр. Олар - бас хатшы Андрей Дудин, әкімшілік басшысы Әсемгүл Мұсабекова, қаржы жөніндегі басқарушы директор Бағдат Қасенов және Заң департаментінің басшысы Ерлан Наюпов. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚФФ президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізу жоспарлануда ",-деп хабарлады жұма күні Telegram-Dop арнасы.
ҚазТАГ редакциясы ақпаратты нақтылау үшін ҚФФ-мен байланысуға тырысты, алайда Федерация сайтында көрсетілген телефон қоңырауларына ешкім жауап берген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда ҚазТАГ бас прокуратураның Қазақстан футбол федерациясы басшысының бұрынғы қылмыстық істерін жоққа шығармағанын хабарлады.
Осыдан кейін, ҚФФ басшысының атына сыни пікірлердің көбеюін ескерген ҚазТАГ мамыр айының соңында Бас прокуратураға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, тіпті Президент Әкімшілігіне де жаңа сауал жолдады. ПӘ сауалды тиісті ведомстволарға, соның ішінде туризм және спорт министрлігіне жолдаған. Алайда, барлық жауап ҚФФ құрылымды кім басқаратынын өз бетінше шеше алады деген мазмұнда болған. Бұл ретте, ҚазТАГ екі ай бұрын аталған құрылымдарға жолдаған Барменқұлов туралы сауалнамасында бұл жағдайдың Қазақстанның беделіне нұқсан келтіретініне назар аударды.
Сондай-ақ, ҚазТАГ Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұловтың жеке басына қатысты жанжалдар халықаралық деңгейге шығуы мүмкін екенін хабарлады. 13 шілдеде Барменқұловтың УЕФА тергеуінде екендігі белгілі болды.
8 қарашада Барменқұловтың отставкаға кететіні туралы хабар тарады.
Қатысты сілтемелер
-
2025 жылы Алматыда мектептерді сейсмикалық күшейту жалғасады
5 Желтоқсан 2024, 16:45 -
Тоқаев ҰҚК төрағасын қабылдады
5 Желтоқсан 2024, 16:31 -
Павлодар облысында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаға Т9,4 млрд жұмсамақ
5 Желтоқсан 2024, 16:23 -
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ монополияға қарсы заңнаманы бұзған – БҚДА
5 Желтоқсан 2024, 16:19