Бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

   Астана.1 ақпан.ҚазТАГ- Бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.
   «Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол енді газға қатысты жобаларға жетекшілік етеді»,- делінген хабарламада.
   Бұған дейін Серікқали Брекешев 2021 жылы қыркүйектен бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.

adimage