БҚО медицина университетіндегі бұзушылықтар туралы материалдар құқыққорғау органдарына жіберілді

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» ҰАҚ-дағы бұзушылықтар туралы материалдар құқыққорғау органдарына жіберілді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Денсаулық сақтау министрлігінің аудиторлық тексеруі БҚО медуниверситетінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс аудиторлық тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына жіберді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Атап айтсақ, ҚР ДСМ ақпарынша, университеттегі материалдық -тауарлар негізсіз есептен шығарылған, азаматтық-құқықтық мәміле шарттарына сәйкес келмейтін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер анықталды, «Жастар-Арена» стадионына жүргізілген құрылыстың сапасы төмен және еңбек заңнамасы бұзылған..

adimage