Орал.26 мамыр.ҚазТАГ- БҚО көліктер бір-бірімен қақтығысып, соның нәтижесінде көлік үйге соғылған, зердап шеккендер бар, деп хабарлайды БҚО полиция дкпартаментінің баспасөз қызметі.
«25 мамырда сағат 8.10 уақыт шамасында Орал қаласындағы Абдиров және Январцева көшелері қиылысында 1983 жылғы жүргізуші тізгіндеген Priora маркалы көлік пен 2003 жылғы жүргізуші тізгіндеген Renault LOGAN маркалы көлік соқтығысты. Renault LOGAN маркалы көліктің 2003 жылғы жүргізушісі жол бермеу салдарынан көліктер бір-бірімен қақтығысып, соның нәтижесінде Priora көлігі жақын маңда орналасқан үйге соғылған»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
Жол апаты нәтижесінде Priora көлігінің жүргізушісі және Renault LOGAN көлігіндегі кәмелет жасына толмаған 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді.
«2003 жылғы жүргізуші тізгіндеген Renault LOGAN маркалы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды»,- деп хабарлады полицейлер.
БҚО көліктер бір-бірімен қақтығысып, соның нәтижесінде көлік үйге соғылған, зардап шеккендер бар
