Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ - Бүкіл әлем бойынша жыл сайын шамамен 50 млн адам жол-көлік оқиғасында (ЖКО) жарақат алады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ).
«Жыл сайын ЖКО салдарынан бүкіл әлемде 1,35 млн адам ажал құшады, шамамен 50 млн. адам жарақат алады және кейбір зардап шегушілер өмір бойына мүгедек болып қалады. Және мұның барлығы әлдекімдердің жылдамдықты арттыруынан, рөлге мас күйде отыруынан немесе қауіпсіздік белдігін тақпауынан болып жатады. Бүл проблемаларды Стокгольмде басталған конференция қатысушылары талқылап жатыр», - делінген «БҰҰ жаңалықтары» сайтындағы хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, тұрақты даму саласындағы мақсатқа арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы 3-ші дүниежүзілік конференция Швецияда ДДСҰ бастамасымен өтіп жатыр, конференцияда жолда адам өмірін құтқарудың инновациялық жолдары талқылануда. Оған қатысу үшін әлемнің 140 елінен шамамен 1,7 мың делегат келген.
«Адам өлімінің ең жоғары көрсеткіші Африкада: 100 мың адамға 26,6 жағдай, ең төмен көрсеткіш – Еуропада: 100 мың адамға 9,3 жағдай. ДДСҰ Еуропалық өңіріндегі жолдарда 230 адам көз жұмса, мыңдаған адам жарақат алады екен», - делінген хабарда.
ДДСҰ еске салғандай, ЖКО салдарынан орын алатын адамдардың өлімі немесе олардың жарақат алуынан кей отбасыларды кедейлікке ұрындырады: кейбірінде бүкіл отбасылық бюджеті емге кетсе, енді бірі асыраушысынан айырылады немесе өмір бойына зардап шегушілерге өтемақы төлеуге мәжбүр.
«ЖКО салдарынан келтірілетін экономикалық залал орта есеппен ІЖӨ 3% құрайды. Жол-көлік оқиғасы бүкіл әлемде барлық жастағы және негізінен 5-29 жас аралығындағы жастардың өліміне себеп болуы бойынша сегізінші орында тұр», - делінген хабарда.
ДДСҰ сарапшылары атап өткендей, жолдарда көбіне мотоцикл айдайтындар, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер қаза табады екен. ДДСҰ тағы да қала басшыларына қауіпсіз велосипед жолдарын жасауға, велосипедшілер мен мотоциклшілерге қорғаныс бас киімін киюге кеңес береді. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бұл талаптар адам өмірін құтқарудың бірінші жолы.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34