Бұған дейін сотты болған Астана тұрғыны Қарағандыда героиннің ірі партиясымен ұсталды

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Бұған дейін сотты болған Астана тұрғыны Қарағандыда героиннің ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«13 тамызда Астана ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген шұғыл-іздестіру шаралары барысында Қарағанды аумағында елорданың бұған дейін сотты болған тұрғыны ұсталды. Оны тінту барысында жарты килограмдай героин табылып, тәркіленді», - деді Қазақстанның ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев сәрсенбіде.  
Оның ақпарынша, ары қарай тергеу амалдары жүргізілуде.

adimage