Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс, деп санайды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Келесі маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау.
Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек.
Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет. Бірыңғай ақпараттық қор (база) құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйені неге жасамасқа? Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керек. Бұл жұмысты жеделдету қажет. Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс», - деді Тоқаев бейсенбі күні өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде (ҰҚСК) сөйлеген сөзінде.
Ол осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырды.
«Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артуда. Бұл ретте қолданыстағы нормалар ескірген. Тексеруден өту үшін балалар жарты жыл уақыт өз кезегін күтеді. Сосын оларға кешенді оңалту шаралары талап етіледі. Ал ондай тиісті мекемелер саны бізде аз. Сондықтан өңірлер ерекшелігі мен заманауи стандарттарды ескере отырып, нормативтерді жаңартқан дұрыс», - деді мемлекет басшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34