Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Қазақтан сыртқы істер министрлігінің қызметіне паспорттау және қандастармен байланыс бөлігіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын: "65-1) Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыру», - делінген үкімет қаулысында.
149) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "149) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру».
Бұл тармақша бұрынғы заңда келесідей болып жазылған еді: «Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этностық қазақтарға оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру».
Яғни, жаңа редакциясында «қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары» деген сөз қосылған.
Қаулы қолданысқа енгізілді.
Кандас дегеніміз – Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” заңына сәйкес – тарихи отанына оралған және тиісті статусты алған, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған ұлты қазақ этникалық қазақтар және (немесе) олардың отбасы мүшелері.
Қазақтан СІМ қызметіне паспорттау және қандастармен байланыс бөлігіне өзгерістер енгізілді
