Астана 22 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тоғыз облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23-24 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 23 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
23-25 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 23-25 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 23-24 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Тараз қ: 23-25 сәуірде тұман күтіледі. Күндіз 23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 23 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
23 сәуірде күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: найзағай күтіледі.
«23 сәуірде Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі», - деді «Қазгидромет» РМК.
23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 23 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
«23 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 23 сәуірде найзағай, кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34