Қазақстанның төрт облысы бойынша байланыс инспекциясы басшысының МА сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның төрт облысы бойынша байланыс инспекциясы басшысының МА сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РМБ басшысының МА-ға қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Тергеу нұсқасы бойынша, мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлға бола тұра, «белгіленген тыйым салуларға қарамастан, байланыс саласында кәсіпкерлік қызмет атқарушы «Ғасыр Казсзязь» ЖШС (жұбайының атына тіркелген) басқаруға жеке өзі қатысқан, және аталмыш ЖШС-ға басымдық беріп, қолдау көрсеткен.
«Кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісімді қолдану туралы өтініштеріне байланысты процессуалдық ұстау жүргізілген жоқ», - делінген хабарда.


adimage