Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қаңтар-қыркүйекте 1,5% өсті

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,5% өсті, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде $70,3 млрд құрады және 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 1,5% өсті, соның ішінде экспорт – $42,7 млрд ( 4,4% аз), импорт – $27,6 млрд ( 12,3% көп)», - делінген дүйсенбідегі құжатта.
ЕАЭО елдерімен экспорт $4,4 млрд (-2,8%), импорт – $10,3 млрд (-0,4%) құрады.

adimage