Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақсанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай қ: 7 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде бұрқасын күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Петропавл қ: 7 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %
«7 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.

adimage