Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның семсерлесуден қыздар командасы Токиодағы Азия-2019 чемпионатында қола медальдан қағылды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінен.
«Токиода семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Өкінішке қарай, саблядан қыздар арасындағы командалық сында қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Жартылай финалдық бәсекеде 15:45 есебімен кореялықтар жеңіске жеткен болатын. Ал қола медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан мен Жапония құрамалары жолығып, тартысты матчта 35:45 есебімен жарыс қожайындары алға шықты», - делінген жексенбі күні таратылан хабарда.
ҰОК хабарлағандай, Азия чемпионатында Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай, Тамара Почекутова, Татьяна Приходько және Айбике Хабибуллиналар сынға түскен.
Бұған дейін хабарланғандай, семсерлесуден Қазақстан қыздар командасы Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын.
Еске салсақ, 15 маусымда қазақстандық Руслан Құрбанов Токиодағы семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер болған еді.
12-19 маусым аралығында Жапония астанасы Токиода қазақстандық команда үшін семсерлесуден маңызды Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш турнир олимпиада лицензиясын алудағы маңызды жарыс болып табылады. Жарысқа ерлер және қыздар командалары қатысуда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34