Қазақстанның сайлау кезіндегі және одан кейінгі әрекеті әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді – БҰҰ

Күні: 18:20, 13-06-2019.

Алматы. 13 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның сайлау кезіндегі және одан кейінгі әрекеті әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді, делінген Адам құқығы жөніндегі БҰҰ бюросының мәлімдемесінде.
«Қазақстанның бейбіт шеруге шығушылар, белсенділер мен журналстерге қатысты 9 маусымдағы президент сайлауы кезіндегі және одан кейінгі әрекеттері үлкен өкініш тудырады. Пікірін еркін білдіру және бейбіт шерулер табысты және серпінді қоғамның құрылымдық блогы болып табылады. Оларды қажеттіліксіз және тиісті негізсіз шектеуге жасалған кез келген әрекет тұрақтылық пен әлеуметтік ауызбірлікке қауіп төндіреді», - деп мәлімдеді Орталық Азиядағы адам құқығы жөніндегі БҰҰ кеңсесінің басшысы Ришард Коменда.
БҰҰ 9-10 маусымда түрлі тәуелсіз көздердің Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте ұсталған бейбіт шеруге шығушылардың, соның ішінде журналистер санының 1000-нан кем емес екенін хабарлағанын келтіреді.
«Ресми тұлғалар «заңсыз жиындарға қатысқаны үшін» 550 адамға айып тағылып, жазаланғанын растады, бұл Қазақстандағы әкімшілік құқықбұзушылық», - делінген мәлімдемеде.
Атап өтілгендей, Адам құқығы жөніндегі БҰҰ басқармасы полиция учаскелерінің ғимараттарында, түнде және «көбіне қорғаушылардың қатысуынсыз» өткен көптеген жеделдетілген сот талдаулары туралы да хабардар етілді.
«Адам құқығы жөніндегі БҰҰ басқармасы келіспеушілердің саяси ойларын бейбіт және заңды түрде білдіргені үшін көптеп қамауға алынуы мен айыпталуына алаңдаушылық білдіруде. Бұл Қазақстанның адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелеріне ашық қарсы келуі болып табылады. Мен Қазақстанды бейбіт жиындар бостандығына, өз пікірін білдіру және саяси өмірге сындарлы қатысу құқығын қамтамасыз ету құқығын қорғау мен құрмет көрсету бойынша заңды міндетін орындауға шақырамын», - деді Коменда.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-12 маусым аралығында өтті.
12 маусымда хабарланғандай, «Бәйтерек» ауданында полицейлердің көптеп жиналуы байқалған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайы төртінші тәулік қоршауда тұрған. Кейінірек белгілі болғандай, «Бәйтерек" ескерткіші маңындағы барлық аумақ (саябақты қоса алғанда периметрі бойынша барлық аумақ) жылжымалы полицей шарбақтарымен қоршалған. Нұр-Сұлтандағы полиция департаменті (ПД) бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев бүгін санитарлық күн болғандықтан «Бәйтерек» қоршауға алынды деп мәлімдеді.
Сол күні Алматыда Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында және Ескі алаң ауданында 200-ден астам адамның ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, адамдардың көбін полиция Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» ескерткішінің ауданында ұстаған.

#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот


Жаңалықтармен бөлісу: