Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның кей өңірлерінде бұрқасын, жауын-шашын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтап, тұрақсыз ауа-райын әкеледі: бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде - жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады», - делінген хабарда.
Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде еліміздің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде, орталығында 15-20 аязға дейін, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 аязға дейін, таулы аудандарда 10-16 аязға дейін төмендейді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаевқа Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы баяндалды
5 Ақпан 2025, 16:43 -
Қарағандыда балабақша салуға Т1,8 млрд жұмсауды жоспарлап отыр
5 Ақпан 2025, 16:28 -
Қазақстанда алдағы үш күнде тұман және желдің күшеюі күтілуде
5 Ақпан 2025, 14:12