Қазақстанның бірқатар өңірлерінде алдағы үш тәулікте күн жылиды

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде алдағы үш тәулікте күн жылиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Арктикалық антициклондарды атлантикалық батыс циклондар жылдам ығыстыруда. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жексенбі күні кезекті жылумен алмасады. Егер алдағы түнде бұл аймақтарда түнгі ауа температурасы минус 17…25°С сақталса, ал жексенбіде түнде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5…13°С жоғарылайды», - делінген 16-18 қарашаға арналған жұмада таратылған ауа райы болжамында.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен хабарланғандай, атлантикалық циклонымен ауа температурасының жоғарылауы ғана емес, қар, сондай-ақ, жолдарда, көріну қашықтығын нашарлататын боран және екпінді батыс желі күтіледі.
«Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейді. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage