Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жаңбыр және қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің ықпалымен ҚР солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашынды (жаңбыр, қар). ҚР қалған бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде жел к.үшейеді, батысында күн күркірейді, шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ», - делінген хабарда
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Солтүстіктен, солтүстік-батыстан 5-10 м/ жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +20+22.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+19, күндіз +24+26.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады (жаңбыр, қар). Күндіз +10+15 (солтүстік-шығысында +7), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
Жамбыл облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +4+9.
Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +4+9.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +12+17 (батысында +9).
Ақмола облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз 0+5, түнде 0+5 (солтүстігінде -5).
Алматы облысында оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +17+22, түнде +10+15.
Жетісу облысында солтүстігінде тауларында жаңбыр жауады. Күндіз +16+21, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде және батысында күн күркірейді. Күндіз +15+20 (оңтүстігінде +23), түнде +8+13 (шығысында +5).
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28, түнде +13+18 (солтүстік-шығысында +8).
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +9+14 (оңтүстігінде +18), түнде +1+6 (оңтүстігінде +9).
Қостанай облысында шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде 0-5 (оңтүстігінде +4).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлеред қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде 0-5 (оңтүстік-шығысында +3).
Павлодар облысында кей жерлерде жауын-шашын түседі. Күндіз +2+7, түнде 0+5 (солтүстігі мен батысында -3).
Қарағанды облысында солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +15), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10, солтүстік-батысында -2).
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15 (оңтүстігніде +18), түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Абай облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде солтүстігінде және батысында кейде қар жаууы мүмкін. Күндіз +7+12 (оңтүстігінде +10), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Оңтүстік-шығыстағы және шығысындағы жекелеген өзендерде жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.
Қазақстанның бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жаңбыр және қар жауады деп күтілуде
