Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның бес облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 30 қыркүйекте таңертең және күндіз шаңды дауыл күтіледі, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ: 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
«30 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
30 қыркүйекте түнде Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
«30 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады шығыста 15-20, екпіні 25 м/с», - деп ескертті синоптиктер.
Қазақстанның бес облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды
