Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ- Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"Ауқымды антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледітек батысында ғана жаңбыр жауады. Республиканың солтүстіінде, батысында, шығысында, тұман түседі, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерінде жел тұрады», – делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0 шамасында, күндіз +14+16.
Алматыда құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +17+19.
Жамбыл облысында оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +3+8.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде +5+10.
Атырау облысында батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз +15+20 (батысында +23), түнде +6+11 (солтүстігінде +2).
Қостанай облысында солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +13+18 (батысында 0).
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде тұман түседі. Күндіз +11+16 ( солтүстігінде +6), түнде 0+5 (оңтүстік-шығысында +3).
Павлодар облысында түнде оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз +11+16, түнде 0-5 (солтүстігінде +3).
Маңғыстау облысында батысында тұман түседі. Күндіз +17+22 (солтүстік-батысында +13), түнде +8+13 (солтүстігінде +4).
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +21+26 (солтүстігінде +18), түнде +4+9 (солтүстігінде +1).
Қызылорда облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25 (солтүстігінде +16), түнде +1+6.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +3+8 (солтүстігінде 0).
Солтүстік-Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде +1+6 (оңтүстік-шығысында -2).
Ақмола облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде 0-5 (солтүстігінде +3).
Қарағанды облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде 0-5 (оңтүстігінде +3).
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы мүмкін ", - деп ескертті синоптиктер.

adimage