Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:15, 29-09-2022.

Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің ықпалымен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын түседі, батысында жаңбыр жауады, солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), шығычында қалың жауын-шашын түседі. ҚР тек оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батысында күн күркірейді, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі, көктайғақ», - делінген хабарда
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +24+26.

Жамбыл облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +4+9 (оңтүстігінде +12).
Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +3+8.
Ақмола облысында түнде солтүстік-шығысында қар жауады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Алматы облысында тауларда оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15+20, түнде +6+11 (оңтүстік-шығысында +3).
Жетісу облысында тауларында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +13+18, түнде +8+13.
Түркістан облысында тауларда аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +22+27, түнде +4+9 (оңтүстігінде +12).
Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде және батысында күн күркірейді. Күндіз +18+23, түнде +10+15.
Атырау облысында солтүстігі мен шығысында күн күркірейді. Күндіз +23+28, түнде +13+18 (батысында +10).
Маңғыстау облысында солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз +23+28, түнде +12+17 (солтүстік-шығысында +7).
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады. Күндіз +6+11 (оңтүстігінде +15), түнде +3+8 (батысы мен оңтүстігінде +11).
Қостанай облысында солтүстік-батысы мен батысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде -2-7 (оңтүстік-батысында +2).
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында тұман, түнде оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Павлодар облысында оңтүстігі мен шығысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Қарағанды облысында солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Күндіз +1+6 (оңтүстігінде +10), түнде -1-6 (оңтүстігінде +3).
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде 0+5 (солтүстігінде және шығысында 0-5).
Абай облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде 0+5 (солтүстігінде және батысында 0-5).
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Оңтүстік-шығыстағы және шығысындағы жекелеген өзендерде жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: