Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК бапсасөз қызметінен.
«Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Олар ауа-райын жауын-шашынсыз орнатады және ауа температурасының 33-38-ге, кей жерлерде 43-ке дейін көтерілуіне әкеледі. Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады – мұнда жаңбыр жауады», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасының күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, оңтүстікте 35-40 жылылық сақталады.

adimage