Қазақстанның басым бөлігінде 4-6 сәуірде жауын-шашын және күннің салқындауы күтіледі

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде 4-6 сәуірде жауын-шашын және күннің салқындауы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіне өзімен бірге жылы ауа райы мен жаңбыр әкеліп, өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Алайда, 6 сәуірде оның орнына кезекті Атлантикалық циклон ығысып, мол жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, сонымен қатар екпінді жел күтіледі.

adimage