Қазақстанның бас санитарлық дәрігері екпеден бас тартудың үш себебін атады

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин екпеден бас тартудың үш себебін атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Себептері (екпеден бас тартудың – ҚазТАГ) қандай? 40%-ы оларда өзіндік пікірлері барын айтады. 35%-ы діни көзқарастарын айтады, 6%-ы екпеге сенбейді», - деді Бекшин жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол діни себептері бойынша екпеден бас тартатындардың санының 35% жоғары екенін айтты, және ол азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жалпы айтар болсақ, жыл сайын 5 мыңдай адам екпеден бас тартады, былтыр түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы 3,5 мың адам өз пікірлерін өзгертіп, екпе алуға келісімін берді», - деді Бекшин.

adimage