Қазақстанның алты облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның алты облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85-90%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
22 қыркүйек түнде Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.
«22 қыркүйек түнде Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы - 90-100%», - делінген хабарда.
Түнде және таңертең 22 қыркүйекте Қостанай облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ: 22 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.
«22-23 қыркүйекте Қарағанды облысында онтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз 22 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 70-75%», - деді синоптиктер.
22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.

adimage