Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні қар жауады және тұман түседі

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні қар жауады және тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«ҚР солтүстігіне, шығысына Солтүстік циклон ықпал етеді, соған байалнысты қар жауады, тұман түседі. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), кейде қалың қар жауады. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейді, тұман түседі, көктайғақ», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 1-6 м/с бағыты құбылмалы жел тұрады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -12-14.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +3+5.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды (көбіне жаңбыр жауады). Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, үндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +10+12.
Ақмола облысында күндіз -12-17 (солтүстігінде -8), түнде -24-29 (солтүстігінде -20).
Алматы облысында күндіз +3+8, түнде -2-7 (солтүстігі мен шығысында -12-17).
Жетісу облысында күндіз -1+4 (оңтүстігінде +7), түнде -10-15 (оңтүстігінде -5).
Түркістан облысында күндіз +7+12, түнде 0+5 (солтүстігінде -3).
Батыс Қазақстан облысында күндіз 0-5 (шығысында -8), түнде -10-15 (шығысында -18).
Атырау облысында күндіз 0+5 (солтүстігінде -3), түнде -7-12 (солтүстігінде -15).
Маңғыстау облысында күндіз +4+9 (солтүстік-шығысында +1), түнде -7-12 (батысында-4).
Ақтөбе облысында күндіз -10-15 (оңтүстігінде -3), түнде -20-25 (оңтүстігінде -14).
Қостанай облысында күндіз -8-13 (оңтүстігінде -17), түнде -16-21 (оңтүстігінде -24-29).
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -8-13 (оңтүстік-шығысында -17), түнде -16-21 (оңтүстік-шығысында -26).
Павлодар облысында күндіз -12-17 (оңтүстігінде -7), түнде -22-27 (оңтүстігінде- -17).
Қарағанды облысында күндіз -5-10 (солтүстігінде -15), түнде -15-20 (солтүстігінде -25-30, оңтүстігінде -12).
Ұлытау облысында күндіз -2-7 (шығысында -10), түнде -15-20 (оңтүстігінде -12).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз -13-18 (солтүстігінде -3-8), түнде -15-20 (шығысында -25-30).
Абай облысында күндіз -5-10 (солтүстігінде -13-18), түнде -12-17 (шығысында -22-27).
Қызылорда облысында күндіз +2+7 (оңтүстігінде +12), түнде -2+3 (солтүстігінде, шығысында -5).
Жамбыл облысында күндіз +5+10, түнде -3-8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы өзендерде қардың еріп басталуы мүмкін, ағын сулар қалыптасады, мұз қату әлсірейді, су деңгейі көтеріледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage