Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US OPEN-2019 чемпионын жеңді

   Астана.8 ақпан.ҚазТАГ- Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US OPEN-2019 чемпионын жеңді,деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.
   «Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әбу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирді сәтті бастады. Бірінші айналымда Путинцева (әлемнің 44-ші ракеткасы) Канада өкілі, US Open-2019 чемпионы Бианка Андреескуны (әлемнің 37-ші ракеткасы) 7:6 (7:2), 6:2 есебімен жеңді»,- делінген хабарламада.
  «Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Екінші раундта Юлия бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнайды»,- делінген мәлімдемеде.

adimage