Қазақстандықтардың сатып алушылық қәбілеті төмендеуде, ал турдемалыс қымбат – ҚР МСМ

Астана. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстандықтардың сатып алушылық қабілеті 2014 жылдан бері төмендеп келеді, ал еліміздегі туристік нысандардағы демалу құны болса жоғары, делінген Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі ұсынған «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021-2030 жылдарға арналған даму стратегиясында.
«Жалпы алғанда, қазақстандықтардың сатып алушылық қабілеті төмендеп келеді: 2014 жылдан бастап ақшалай кірістер мен жалақының өсу қарқынының нақты көрінісіне тоқталсақ, жыл сайынғы инфляциясының осы мерзімдегі теріс мәні 7%-ға ұлғайған. Сонымен бірге, сарапшылар мен тұрғындардың пікірлеріне сүйенсек, қазақстандық курорттардағы демалу құны тым жоғары, ал сервис деңгейі тым төмен. Сонымен бірге барлық көлікпен тасымалдау, қонақ үй және мейрамхана қызметтерінің бағалары өсіп кеткен, бұл да сұраныс деңгейіне кері әсерін тигізеді», - делінген стратегияда.
Статистиканың оперативтік мәліметтеріне сәйкес 2019 жылы Қазақстан халқының орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 104 389 теңгені, ал бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы – 185 487 теңгені құрады.
«Сонымен бірге ақшалай шығындар құрылымының басым бөлігін (70%-дан астам) азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды сатып алуға және міндетті төлемдер мен жарналарды төлеуге жұмсалатын қаражаттар құрайды», - деп нақтылады стратегия авторлары.
Ресми ақпарға сәйкес,  2018 жылы Қазақстан Республикасының орналастыру орындарында орналасқанрезидент қонақтар саны – 4 686,8 мың адам (2019 жылы - 5 286,8 мың адам), шипажай-курорттық мекемелерінде демалған саны – 296,9 мың адам, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында – 871,9 мың адам.
Құжат үкіметтің ары қарай бекітуі үшін жария талқылауға шығарылған.

adimage