Қазақстандықтар 12-26 наурыз аралығында 578 мың теміржол билеттерін кері тапсырған

Күні: 18:30, 26-03-2020.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстандықтар 12-26 наурыз аралығында 578 мың теміржол билетін кері тапсырған, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолаушылар пойызының билеттерін кері тапсыруға қатысты жағдай тұрақталды. Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларына Т3,6 млрд. соманың жол құжаты тапсырылған. 12-26 наурыз аралығында қазақстандықтар 578 мың темір жол билетін кері тапсырған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ҚТЖ еске салғандай, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантиннің жариялануына байланысты 22 наурыздан бастап осы екі қаладан барлық бағыт бойынша жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтаған.
«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы вокзалдарда барлық сауда нүктелері жабық, қоғамдық тамақтану орталықтары да жабық. Жалға берушілермен жасалған шарттар карантин кезеңіне уақытша тоқтатылған», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 109 жағдайы тіркелген. 25 наурызда белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған екі қазақстандық емделіп шыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: