Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық дипломат Станислав Василенко Ауғанстан бойынша ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) сыртқы істер министрлер кеңесінің (СІМК) жанындағы жұмыс тобының жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметінен.
«ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Алымбай Сұлтановтың және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің Ауғанстан бойынша ұлттық үйлестірушілерінің қатысуымен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлер кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Ауғанстан бойынша жұмыс тобының жетекшісі ретінде Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі С. Василенко тағайындалды», - деп хабарлады Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі Ауғанстан бойынша жұмыс тобы мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетіндегі терроризм және экстремизммен күрес мәселелері бойынша жұмыс тобының бірлескен отырысының қорытындысы бойыша таралған хабарда.
Кездесуде Ауғанстан Ислам Республикасы аумағындағы әскери-саяси жағдаймен байланысты мәселелер талқыланды.
«Ауғанстандағы ИГИЛ мен өзге де лаңкестік ұйымдар қызметінің жанданғаны, елдің оңтүстігіндегі тұрақсыздықтың солтүстікке ауысқаны, лаңкестік пен экстремизмнің ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі аймаққа өту қаупі мәселелері көтерілді. Елдегі қақтығыста тек ауғандықтардың өздері ғана тоқтата алатыны ашық айтылды», - деді ұйымнан.
Хабарда атап өтілгендей, бұл ретте Ауғанстанмен байланысты мәселелер ұлттық шектен шығып, көптеген өңірлік және өңірден тыс факторларды қозғауда.
«Бұл мәселелерді шешу ауғанстандықтар мен барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Сол себепті ҰҚШҰ сәйкес халықаралық ұйымдармен, ең алдымен БҰҰ бейіндік құрылымдарымен Ауғанстан мәселесі бойынша өзара ықпалдастықты нығайта түседі», - деп мәлімдеді ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, кездесуде бірлескен отырыс жұмысына Талибан және Аль-Каида/ИМ бойынша БҰҰ қауіпсіздік комитеті жанындағы мониторингтік топ мүшелерінің біріккен отырыс жұмысына қатысуы жоғары бағаланды.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07