Қазақстанда жылына 20 мың гектар жерге орман өсіру көлемін арттыру қажет - Экология министрлігі

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ - Толқын Тәшімов. Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы орман өсіру көлемін жылына 20 мың гектарға ұлғайту керек деп мәлімдеді.
«Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен 60 мың га алқапқа екпелер егіледі. Біздің алдымызда бұл көлемді 80 мың гектарға жеткізу міндеті тұр», - деді Нысанбаев жұмада өткен брифингте.
Осыған байланысты, вице-министр түсіндіргендей, 2018 жылдың соңында облыс әкімдіктерімен келісе отырып, 2030 жылға дейін ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша кезең-кезеңмен жоспарлар бекітілді.
«Республикалық орман иелерінің кезең-кезеңмен жоспарларын орындау аясында 2019 жылдың көктемінде 26,7 мың гектар жерге ағаш отырғызу жүргізілді, ал күзде бұл жұмыстар 35,9 мың гектар алқапта жалғасады», - деді Нысанбаев.

adimage