Қазақстанда жыл сайын ақпараттық қауіпсіздік саласында 500 маманнан дайындалатын болады

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда жыл сайын ақпараттық қауіпсіздік саласында 500 маманнан дайындалатын болады, деп хабарлады ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бейбіт Атамқұлов.
«Білім және ғылым министрлігі гранттар санын 160-қа дейін арттырды. 2018 жылдан бастап біз 2021 жылдар аралығында аталған гранттар бағытында 500 адамды даярлайтын боламыз. Ақпараттық қауіпсіздік мамандарын даярлау бойынша стандарттар ревизиясын жүргіздік. Бізге ақпараттық қауіпсіздігі технигі секілді мамандар қажет. Олар колледждерде оқытылады. Мұнымен қоса, бұл мәселені «Болашақ» бағдарламасымен пысықтадық, яғни шетелде тағылымдама үшін киберқауіпсіздік бойынша мамандану енгізілді», - деді Б.Атамқұлов сенаттың жалпы отырысында  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауды талқылау барысында.  
Оның айтуынша, 2017 жылы  меморгандар бойынша ақпараттық қауіпсіздік мамандарына қажеттілік тұрғысында талдау жасалды.
«Орталық меморгандар мен жергілікті атқарушы органдарға қажеттілік 1 520 адамды құрады, яғни бұлар бізге керек болып тұрған мамандар. Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор мен нарық бойынша да талдау жүргіздік. Еліміз аумағындағы жалпы қажеттілік шамамен 32 мың маманды қамтыды. Қазіргі кезде ақпараттық қауіпсіздік жүйесі бойынша мамандарды елдегі 7 ЖОО дайындап келеді. Олардың барлығы ірі оқу орындары. Аталған ЖОО-лар бүгінде 543 маман дайындалуда. Биыл бізде 143 түлек бітіріп шығады», - деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Бұл ретте министр мәлімдегендей, ҚР-да бүгінде бар техникалық мүмкіндіктер елімізге ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

adimage